Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында оқушыларға қауіпсіздік сабағы өткізілді

Абай облысында полиция қызметкерлері "Өз өміріңе нүкте қойма" тақырыбында мектеп оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Абай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастамасымен Семей қаласындағы №6 орта мектепте өткен кездесуге құқық қорғау органдарының қызметкерлері, наркология саласының мамандары және ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жасөспірімдерге есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін зияны, оның психологиялық және әлеуметтік салдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, заңсыз есірткі айналымына қатысқаны үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік нақты мысалдар арқылы жеткізілді.

Іс-шара аясында оқушыларға зиянды әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану және бос уақытты тиімді ұйымдастыру бойынша кеңестер берілді. Мамандар дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығына тоқталып, әрбір әрекеттің болашаққа әсер ететінін атап өтті.

Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – жастардың бойына қауіпсіз өмір қағидаттарын сіңіру, оларды қоғамға қауіпті құбылыстардан қорғау және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру