Ақтөбе облысы полиция бастығы тұрғындармен кездесу өткізді
Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев тұрғындармен аулаларда кезекті кездесу өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
“Жұртқа жақын полиция” қағидатын іске асыру аясында департамент басшысы азаматтардың өтініштерін тыңдап, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған өзекті ұсыныстарды талқылады.
Генерал-майор Қайыркен Әлиев әрбір тұрғынның мәселесіне ерекше назар аударып, полицияның қоғамға ашықтығы оның жұмысындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.
Тұрғындар жол инфрақұрылымын жақсарту, тұрғын алаптарда патрульдеуді күшейту, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Түскен барлық ұсыныстар мен өтініштер бойынша Қайыркен Әлиев тиісті бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар берді. Әрбір мәселенің қаралуы департамент басшысының жеке бақылауына алынды.
— Біздің азаматтармен өзара іс-қимылымыз — бұл тек есептік кездесулер ғана емес, полиция қызметінің сапасын арттырудың нақты құралы. Әрбір сындарлы ұсыныс зерделеніп, тәжірибеге енгізіледі, — деді Қайыркен Әлиев.
