Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда нашақорлыққа қарсы триатлон жарысы өтті

Атырау қаласында 80-нен астам спортшы қатысқан триатлон жарысы ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында "Atyrau Iron Team" спорт клубының ұйымдастыруымен триатлон жарысы өтті. Оған 80-нен астам спортшы қатысып, жүзу, велоспорт және жүгіру кезеңдері бойынша өз шеберліктерін сынға салды.

Іс-шара нашақорлыққа қарсы ұранымен ұйымдастырылып, қала тұрғындары, әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Басты мақсат – спорт арқылы есірткіге қарсы қоғамдық сананы қалыптастыру және белсенді өмір салтын дәріптеу.

Жарыс барысында қатысушылар тек спорттық төзімділік пен күш-қайратын ғана емес, сонымен қатар командалық рух пен жоғары спорттық мәдениетті де көрсетті. Жүлделі орындарға ие болған спортшыларға есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы атынан естелік сыйлықтар табысталды.

– Бүгінгі триатлон жарысы – тек спорттық сайыс қана емес, қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – нашақорлыққа қарсы күресті қолдаудың маңызды құралы. Біз жастарды спортқа, белсенді өмір салтына тарту арқылы олардың денсаулығын нығайтып, есірткіге қарсы санасын қалыптастыруға үлес қосамыз. Әрбір қатысушының жеңісі – тек жеке жетістік емес, салауатты өмірге бастар жолдағы жарқын үлгі. Сондықтан мұндай спорттық іс-шараларды алдағы уақытта да қолдауды жалғастырамыз, – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Айбол Ідірісов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру