Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында биыл қызметтік иттердің көмегімен 83 қылмыс ашылды

Қызылорда облысында биыл қызметтік иттердің көмегімен 83 қылмыс ашылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ит — адамның досы ғана емес, полиция қызметкерлерінің айнымас көмекшісі. Қызылорда облысы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығының қызметтік іздестіру иттері қылмыстарды ашуда полицияға баға жетпес көмек көрсетеді. Олар қылмысты анықтауға, із кесуге, есірткі мен жарылғыш заттарды іздестіруге және одорологиялық сәйкестендіруге қатысады. Барлығы күшік кезінен арнайы оқу-жаттығу курстарынан өтіп, белгілі бір бағыттағы құқық бұзушыларды анықтауға мамандандырылған қызметтік иттер.


Қызметтік иттер – жай ғана көмекші емес, әрдайым көмекке келуге дайын нағыз сарбаздар. Орталықта 19 қызметтік-іздестіру иті бар. Олардың 8-і есірткі затын іздестіруге, 2-еуі жарылғыш затын іздестіруге, 2-еуі із кесу саласы, 4-і одорология бойынша және 1 қызметтік іздестіру иті шабуылдау бағыты бойынша қызмет атқарады.

— Қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен жыл басынан 83 қылмыс ашылды. Олар негізінен есірткімен байланысты, ұрлық және тағы басқа қылмыстар, — дейді кинолог мамандар.

Оның ішінде криминалдық полиция саласы бойынша 21 қылмыс анықталды. Олар негізінен бөтен мүлік ұрлығы қылмыстары.

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы қызметтік иттер 565 рет қолданылып, нәтижесінде 36 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 1 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Одорологиялық іріктеу саласы бойынша 10 рет қолданылып, нәтижесінде 5 нәтижелі іріктеу берілді.

Сонымен қатар бекітілген жоспарға сәйкес қалааралық бағытта қатынайтын автобустар қоймасы, “Әуежай”, “Қазпошта” және “Автовокзал” нысандары қызметтік иттердің көмегімен тексеріледі.

Департаменттің кинолог-мамандары Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Кинологиялық орталығында арнайы даярлық курсынан өткен.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру