Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында ҚАЖ мекемесіне 100-ден астам кітап табысталды

Маңғыстау облысында ҚАЖ мекемесіне 100-ден астам кітап табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің кітапхана қорын толықтыруға бағытталған әлеуметтік-мәдени іс-шара өтті.

Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №43 мекемесінің кітапханалық қорына 106 кітап табыстады.

Кітаптар қоры көркем әдебиет, танымдық және білім беру бағытындағы басылымдардан тұрады. Бұл басылымдар оқырмандардың рухани дамуына, ой-өрісін кеңейтуіне және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Мекеме бастығы Сансызбай Аминовтың айтуынша, мұндай бастамалар мекемедегі мәдени-ағартушылық жұмысты күшейтіп, сотталған азаматтардың өзін-өзі дамытуына және қайта әлеуметтенуіне оң ықпал етеді.

Тараптар алдағы уақытта да өзара ынтымақтастықты жалғастырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру