Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында полиция бірінші тоқсанның қорытындысын шығарды

Ақтөбе облысында полиция бірінші тоқсанның қорытындысын шығарды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы полиция департаментінде ПД бастығы Қайыркен Әлиевтің төрағалығымен бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жедел-қызметтік қызметтің нәтижелерін талқылауға арналған кеңейтілген кеңес өтті.

Өңірдегі криминогендік ахуал тұрақты. Қылмыстық құқықбұзушылықтар тіркелімі 8%-ға төмендеді. Оның ішінде тонау — 23%-ға, бұзақылық — 7%-ға, интернет-алаяқтық — 4%-ға, ұрлық — 21%-ға, мал ұрлығы — 14%-ға, қоғамдық орындардағы қылмыстар — 7%-ға азайды. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 4%-ға, ал оларға қатысты қылмыстар 14%-ға төмендеді.

Жыл басынан бері 16 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Қоғамдық орындарда алкоголь ішу бойынша 3133 дерек, ұсақ бұзақылықтың 708 фактісі анықталды. Алкоголь өнімдерін сату заңнамасын бұзудың 191 дерегі тіркеліп, оның 165-і бойынша лицензиялар тоқтатылды, 25 нысан лицензиясынан айырылды.

26 интернет-алаяқ ұсталды, оның 10-ы 94 эпизод бойынша күдікке ілінген. 443 дроппер анықталып, оларға қатысты 78 талап-арыз сотқа жолданды (72 млн теңге). 41,5 млн теңге көлеміндегі шоттар бұғатталып, 31 млн теңге жәбірленушілерге қайтарылды.

Мал ұрлығы бойынша 6 адам, оның ішінде бір қылмыстық топ ұсталды. Осы айда тағы бір топ ұсталып, олардың 3 қылмысқа қатысы бар екені анықталуда.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 45 мобильді кешен (оның 15-і жасырын патрульдеу) және 218 стационарлық жүйе қолданылып, 70 650 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен 163 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Сонымен қатар департамент бастығы Қайыркен Әлиев жеке құрам арасындағы қызметтік тәртіпті күшейтуге, заңдылықты сақтауға және қызметкерлердің жеке жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың қызмет тиімділігін арттыруға, тәртіпті нығайтуға және қызметкерлер тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған талаптары жеке құрамға жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру