Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда түнгі уақытта велосипед ұрлауды кәсіп қылған күдіктілер ұсталды

Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері велосипед ұрлығының бірқатар дерегін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, түнгі уақытта екі күдікті қараусыз қалдырылған велосипедтерді жасырын түрде ұрлап отырған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың сегіз бірдей ұрлық дерегіне қатысы бары анықталды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды жеке мүлкіне мұқият болуға шақырады. Велосипедтерді қараусыз қалдырмай, арнайы құлыптау құралдарын қолдану қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру