Елордада бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру фактілерінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде
Елордада бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру фактілерінің алдын алу және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл ретте негізгі басымдық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қалалық инфрақұрылым нысандарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға берілуде.
Қала аумағында бейнебақылау жүйелері орнатылып, қоғамдық кеңістіктер тұрақты бақылауға алынған. Сонымен қатармүлік полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Атап айтқанда, дрондар арқылы дыбыстық хабарламалар тарату жолымен азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақыру тәжірибесі енгізілген.

Жыл басынан бері елордада шамамен 70 мүлікті бүлдіру дерегі тіркелген. Көбінесе аялдама павильондары, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен жарнамалық құрылымдар зақымдалады. Бұдан бөлек, тұрғын үйлердің кіреберістеріндегі бейнебақылау камералары мен лифт жабдықтарын бүлдіру фактілері де жиі кездеседі.
Полиция ескертеді: бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда келтірілген залалды өтеу, айыппұл салу, сондай-ақ әкімшілік қамауға алу шаралары көзделген.
Полиция департаменті азаматтарды бейжай қалмауға шақырады. Вандализм деректері анықталған жағдайда дереу "102" нөміріне хабарлау қажет. Әсіресе, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қоршаған ортаға және ортақ мүлікке құрметпен қарау дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән беру маңызды.
Қаладағы тәртіп пен тазалықты сақтау – әрбір тұрғынның ортақ міндеті.
