Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында полиция бірінші тоқсан қорытындысын шығарды

Атырау облысы полиция департаментінде жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы шығарылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алқалы жиынға аумақтық полиция бөліністерінің бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары қатысып, атқарылған жұмыстар жан-жақты сараланып, қол жеткізілген нәтижелер мен орын алған кемшіліктер талқыланды.

Жиынға төрағалық еткен департамент бастығы Оңал Бекеев жұмыстың негізгі бағыты ретінде Конституцияда айқындалған "Заң мен тәртіп" қағидатын атап өтті. Ол Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрінің тапсырмаларына сәйкес, бұл қағидат қоғам өмірінің барлық саласында басты басымдыққа айналуы тиіс екенін жеткізді. Сонымен қатар аталған бағыт құқықтық сананы арттыруды және заң талаптарын бұлжытпай сақтауды көздейтінін атап өтті.

Кеңес барысында департамент бастығының орынбасарлары есептік кезеңде атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Нәтижесінде өңірде құқық бұзушылықтар санының төмендегені, сондай-ақ олардың ашылу және сотқа жолдану көрсеткіштерінің жақсарғаны айтылды.

Сонымен қатар, бірқатар аудандық полиция бөліністерінің басшылары тыңдалып, жұмыс барысында жіберілген кемшіліктер бойынша нақты ескертулер берілді.

Жиын қорытындысы бойынша департамент бастығы Оңал Бекеев өңір полицейлеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылды күшейту, сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелерде құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытында нақты міндеттер жүктеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру