Ұландықтар мен жастар 103 жастағы ардагерге құрмет көрсетті
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 3477 әскери бөлімінің әскери қызметшілері "Жас бүркіт" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілерімен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері Анастасия Павловна Светочеваның шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті. Биыл ардагер 103 жасқа толып отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу ерекше жылы әрі әсерлі жағдайда өтті. Жас ұрпақ ардагерге арнап ән шырқап, бейбіт өмір үшін алғыс білдіріп, өздерінің ізгі тілектерін жеткізді.
Іс-шараны ұйымдастыруда 3477 әскери бөлімінің әйелдер кеңесі белсенділік танытты. Ардагерге арнайы дастархан жайылып, кездесудің шынайы әрі жүрекке жылы атмосферада өтуіне жағдай жасалды.

– Біз үшін ардагерлерге құрмет көрсету – үлкен парыз. Олар – ел тарихының тірі куәгерлері. Сондықтан әрдайым олардың жанынан табылып, қамқорлық танытуға тырысамыз, – деді Дархан Мұхтариев.
Мұндай кездесулер жас буынның бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға және тарихи естеліктер сақтауға септігін тигізеді.
