Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі ПД-да идеологиялық сабақ ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2026 жылға арналған идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес көліктегі полиция департаментінде жеке құрамға арналған идеологиялық сабақ өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сабаққа "Kopғay" дағдарыс орталығының психологтары, дағдарыс психологиясы бойынша магистрлер Назерке Көкебаева мен Кристина Дроздецкая қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасылық қатынастарды үйлестіру және қызметкерлердің әлеуметтік-психологиялық тұрақтылығын арттыру болды.

Мамандар қызметкерлерге отбасыдағы өзара түсіністікті қалыптастыру, күйзеліс жағдайларын еңсеру және психологиялық жүктемені басқару жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға білікті мамандар нақты жауап беріп, практикалық ұсыныстарымен бөлісті.

Мұндай іс-шаралар жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалын нығайтуға және қызмет тиімділігін арттыруға оң ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру