Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірген жүргізуші жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Анықталғандай, ол қала көшелерінің бірінде дрифт жасап, өз әрекетін әлеуметтік желілерде жариялау мақсатында қауіпті маневрлер орындаған. Бұл әрекет жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін жағдай туғызған.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде құқық бұзушылық дер кезінде тоқтатылды. Жүргізушінің автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылып, өзі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Алматы қаласы ПД Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдар Нағашыбековтің айтуынша, әлеуметтік желілерде жариялау үшін жасалатын қауіпті жүргізу әрекеттері көбейіп келеді.

— Мұндай көрсетілім үшін жасалатын әрекеттердің салдары ауыр болуы мүмкін. Әрбір құқық бұзушылыққа міндетті түрде құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылады, — деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру