Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облыстық ПД есірткіге қарсы бағытталған байқауды қорытындылады

Ұлытау облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Менің таңдауым – есірткісіз өмір" тақырыбында ұйымдастырылған бейнероликтер мен сурет байқауларының қорытындысы шығарылып, үздік қатысушылар марапатталды.

Аталған байқаудың басты ерекшелігі – жасөспірімдердің өз көзқарасын шығармашылық арқылы жеткізуі. Қатысушылар есірткінің зияны, қоғамға тигізетін қауіпі және дұрыс өмірлік таңдау туралы ойларын бейне және сурет форматында ұсынды.

Байқауға өңірдің түрлі қала-аудандарынан жүзге жуық оқушы қатысып, жоғары деңгейдегі жұмыстар ұсынды. Қазылар алқасы жұмыстардың мазмұнына, креативтілігіне және әлеуметтік маңызына ерекше мән берді.

Нәтижесінде, бейнероликтер байқауы бойынша бас жүлдені Жезқазған қаласының №8 гимназиясының оқушысы Биболат Жорабек иеленді. Бірінші орын Сәтбаев қаласындағы №16 мектептің оқушысы Ақзере Мұратбекқызына бұйырды. Ал екінші орынды Жезқазған қаласының №8 гимназиясының оқушысы Дана Дінмұхамед жеңіп алды. Үшінші орын Жезқазған қаласы №1 мектебінің оқушысы Ахмедияр Даниярұлы мен Ұлытау ауданы №2 мектептің оқушысы Інжу Баташқа берілді.

Сонымен қатар сурет байқауында да үздіктер анықталды. Бас жүлдені Жезқазған қаласының №133 мектебінің оқушысы Айжаным Жақыпова жеңіп алды. Бірінші орын Жаңаарқа ауданынан Тәңірберген Аянатқа табысталды. Екінші орын Асылхан Аманжол мен Әлия Жұмекеноваға бұйырса, үшінші орынды Медина Мұханбетай, Раяна Аманжолова және Жания Айтжан иеленді.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімін департамент бастығының орынбасары Алмаз Саламатов өткізіп, қатысушылардың белсенділігі мен шығармашылығына жоғары баға берді.

Мамандардың айтуынша, мұндай форматтағы байқаулар жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыруда тиімді құралға айналып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру