Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Қадағалау" іс-шарасы: Шымкентте пробация есебіндегі 37 азамат жұмысқа орналасты

Шымкент қаласында пробация есебінде тұрған азаматтардың мінез-құлқын бақылау және оларды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған "Қадағалау" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара аясында бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, пробациялық бақылауда жүрген азаматтарға ерекше назар аударылуда. Полиция қызметкерлері олардың белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтауын тексеріп қана қоймай, қалыпты өмірге қайта оралуына да қолдау көрсетуде.

Іс-шара шеңберінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, пробация есебінде тұрған азаматтарға нақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ұсынылды. Нәтижесінде 37 адам жұмысқа орналасты. Бұл олардың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етіп, қайта құқық бұзу қаупін азайтуға маңызды қадам болды.

Жалпы іс-шара барысында екі мыңнан астам есептегі азамат тексерілді.

Негізгі мақсат – тек бақылау емес, сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу, жұмысқа орналастыруға көмектесу және заңға бағынатын тұрақты мінез-құлық қалыптастыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру