Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада Бірлік күніне орай ардагерлерге құрмет көрсетілді

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері Ардагерлер кеңесімен бірлесіп, ардагерлерді мерекемен құттықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Сыр өңірінің тәртіп сақшылары игі шара ұйымдастырып, ішкі істер органдарында ұзақ жылдар абыройлы қызмет атқарған ардагерлерге құрмет көрсетті.

Мерекелік іс-шара аясында департамент өкілдері мен Ардагерлер кеңесінің мүшелері ардагерлер Рефат Салединов пен Фируза Абубакированың шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров ардагерлерге құрмет көрсетіп, олардың ішкі істер саласына сіңірген елеулі еңбегін атап өтті.

Тәртіп сақшылары ардагерлердің ел тыныштығын сақтаудағы жанқиярлық еңбегін ерекше атап өтіп, олардың кәсіби тәжірибесі мен өнегелі жолы жас буын үшін әрдайым үлгі екенін жеткізді. Ішкі істер саласында қызмет етіп, саналы ғұмырын құқық қорғау жүйесіне арнаған ардагерлерге деген құрмет – кейінгі буынның парызы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру