Ұлытау облысында жас полицейлер ант қабылдады
Іс-шараға департамент басшылығы, ардагерлер және жеке құрам қатысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Салтанатты жиында Ұлытау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов жас қызметкерлерді құттықтап, олардың алдағы қызметіне табыс, ел тыныштығын қорғауда табандылық тіледі.
Сонымен қатар Ұлытау облысы ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбек Мұқатаев ақ батасын беріп, жас мамандарға адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтті.

Ант қабылдау рәсімінде 25 жас полиция қызметкері Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, заң мен тәртіпті сақтауға салтанатты түрде ант берді.
Іс-шара барысында қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар қызметкерлер марапатталып, алғыс хаттар мен төсбелгілер табысталды.

Бұл күн жас полицейлер үшін үлкен жауапкершілік пен абыройдың бастауы болды.

