БҚО-да пробация қызметкерлеріне қызметтік автокөліктер табысталды
БҚО ҚАЖД-ға қарасты пробация қызметкерлеріне қызметтік автокөліктер табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Салтанатты шара барысында қызметкерлердің қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы еңбегі ерекше атап өтілді.
Іс-шара кезінде басшылық пробация қызметінің құқық бұзушылықтардың алдын алу, есептегі азаматтарды бақылау және оларды қоғамға бейімдеу бағытындағы маңызды қызметіне тоқталды. Сонымен қатар қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту – жұмыстың тиімділігін арттырудағы басты бағыттардың бірі екені айтылды.
Жаңа автокөліктер қызметкерлердің қызметтік міндеттерін жедел әрі сапалы орындауына, профилактикалық жұмыстарды уақытылы жүргізуіне және шалғай мекенжайларға кедергісіз баруына мүмкіндік береді.
Автокөлік кілттерін табыстау рәсімі пробация қызметкерлеріне көрсетілген сенім мен олардың еңбегіне деген құрметтің белгісі болды.
