Ардагерлерге құрмет – елдік парыз
Бүгін Жеңіс күнінде Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы мен ардагерлері Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, ел мен жер үшін от кешкен боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шарадан кейін департамент бастығының орынбасары Талғат Мұғманов пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұман Нұрпейсов ардагерлердің шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті.
90 жастың төріндегі тыл ардагері, ішкі істер органдарында ұзақ жыл адал қызмет атқарған Ольга Александровнаға ізгі тілектер айтылып, сый-сияпат табысталды.
Сондай-ақ ҰОС және ішкі істер органдарының ардагері болған Кирилл Лысяктың жары Анна Николаевнаға да ерекше құрмет көрсетілді. 98 жасқа аяқ басқан ардагер анаға алғыс айтылып, ұзақ ғұмыр тілегі жеткізілді.
