Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда "Чемпиондық рух" жобасы аясында жастар жаппай жаттығуға қатысты

Орал қаласында "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру аясында "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" жастар қанатының бастамасымен, Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті мен облыстық білім басқармасының бірлескен ұйымдастыруымен ауқымды "Чемпиондық рух" жастар спорттық жобасы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалада үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан шараға 2000-нан астам жас пен жасөспірім қатысты. Жобаның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алып, зиянды әдеттерге қарсы дұрыс көзқарас қалыптастыру.

Жоба аясында елімізге танымал спортшылар мен чемпиондар қатысушыларға арнап жаппай жаттығу өткізіп, жастарды өз үлгілерімен жігерлендірді. Сонымен қатар есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі профилактикалық кеңес мүшелері жасөспірімдермен және жастармен кездесіп, есірткінің зияны мен салауатты өмір салтының маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қатысушылар үшін спорттық жарыстар, эстафеталар мен командалық ойындар ұйымдастырылып, жастар ұйымшылдық пен белсенділік танытып, жеңіске деген жігерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті жастар арасында профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге және заңға бағынатын, салауатты қоғам қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдауға ерекше мән береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру