Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында қоғамдық жұмыстар институтын жетілдіру мәселелері қаралды

Жетісу облысында қоғамдық жұмыстар институтын жетілдіру мәселелері қаралды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп “Қоғамдық жұмыстар түріндегі әкімшілік жаза тағайындауға байланысты сот шешімдерін орындау: проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барысында қоғамдық жұмыстарды әкімшілік жаза ретінде қолдану тәжірибесі, сот қаулыларының орындалу тәртібі және осы бағытта туындайтын өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

Айта кету керек, 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес қоғамдық жұмыстар бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жаза түрі ретінде қолданылып келеді.

Жыл басынан бері Жетісу облысында соттардың шешімімен 26 тұлғаға қоғамдық жұмыстар түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.

Қоғамдық жұмыстар: арнайы қабылдау орындарына түсетін жүктемені азайтуға; құқық бұзушыларға тәрбиелік ықпал етуге; азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстел барысында сот шешімдерінің орындалуын бақылауды күшейту, жергілікті атқарушы органдар мен полиция арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері көтерілді.

Полицияның негізгі міндеті — жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қоғамдық жұмыстар институтының тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру