Павлодар облысында полицейлер автокөлік ұрлығын ізін суытпай ашты
Павлодар облысы Аққулы ауданында полицейлер автокөлік ұрлығын ізін суытпай ашты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері Павлодар қаласында ВАЗ-2115 автокөлігін айдап кеткен екі ер адамды жедел түрде ұстады. Көлік иесі салғырттық танытып, кілтті көлік ішінде қалдырған.
Тәртіп сақшылары ұрланған автокөлікті Омбы – Майқапшағай тасжолы бойынан анықтады. Ал күдіктілер жақын маңдағы ауылдағы қараусыз қалған ғимараттан ұсталды. Ұсталғандардың Екібастұз қаласының тұрғындары екені белгілі болды, олардың бірі бұрын да осындай қылмыстар үшін жауапкершілікке тартылған.
