Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында есептегі сотталғандар мұражайға экскурсия жасады

Павлодар облысында есептегі сотталғандар мұражайға экскурсия жасады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының пробация қызметінің қызметкерлері “Антарес А” қоғамдық қорымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін заманауи мультимедиялық “Ертіс” мұражайына мәдени-танымдық экскурсия ұйымдастырды. Аталған іс-шараның мақсаты – олардың дүниетанымын кеңейту, пайдалы бос уақытын ұйымдастыру және мәдени құндылықтарға баулу болды.

Мұражайға бару барысында қатысушылар Павлодар облысының тарихымен, заманауи мультимедиялық экспозициялармен және өңірдің мәдени мұрасымен танысты. Музейге жасалған экскурсия есепте тұрған тұлғалардың уақытын пайдалы өткізуіне, жаңа әсер алуға және туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

— Мұндай іс-шаралар пробация есебінде тұрған азаматтардың мәдени ортаға бейімделуіне, ой-өрісін кеңейтуіне және қоғаммен оң байланыс орнатуына ықпал етеді, — деді пробация қызметінің қызметкері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру