Полиция жалған хабарлама үшін жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді
Полиция жалған хабарлама үшін жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оқушылармен экстремизмнің алдын алу, кәмелетке толмағандар арасында жалған хабарлама мен құқық бұзушылықтардың таралуына бағытталған профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға заңнаманы сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат пен заңсыз контент таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары кез-келген полиция, жедел жәрдем және өрт сөндірушілердің күштерін жалған шақыру - адамдарға көмек қажет болуы мүмкін нақты оқиғалардан алшақтататынын атап өтті. Өйткені жалған қоңырау зиянсыз әзіл емес, ауыр құқық бұзушылық.
Кездесу соңында полиция қызметкерлері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, жастар арасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Жауапты мінез-құлық бүкіл қоғамның қауіпсіздігінің кепілі.
