Павлодар облысы ҚАЖД мекемесінде ашық есік күні өтті
Павлодар облысы ҚАЖД мекемесінде ашық есік күні өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың жақындарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайту, отбасылық қарым-қатынасты қолдау және қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру болды. Туыстар мекемеге келіп, ұстау жағдайларымен танысып, жақындарымен жүздесті.
Мұндай кездесулер отбасылық құндылықтарды сақтауға ықпал етіп, сотталғандардың түзелуі мен қайта әлеуметтенуіне оң әсерін тигізеді.
– Отбасының қолдауы әр адамның өмірінде маңызды орын алады. Туыстық байланыстарды сақтау сотталғандардың түзелуге деген ынтасын жоғалтпай, бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға сәтті бейімделуіне көмектеседі, – деп атап өтті №45 мекемесінің бастығы.
Ашық есік күндерін өткізу қоғам мен қылмыстық-атқару жүйесі арасындағы сенімді нығайтуға және сотталғандарды әлеуметтік оңалту процесін қолдауға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.
