Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында арнайы мектеп тәрбиеленушілеріне есірткіге қарсы спорттық іс-шара өтті

Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған облыстық есірткіге қарсы эстафета аясында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Балаларды қорғау күніне арналған спорттық-профилактикалық іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының өкілдері, сондай-ақ "Елу жылда – Ел жаңа" қоғамдық бірлестігі жанындағы нашақорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері ұйымдастырды.

Басты мақсаты – өскелең ұрпақтың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және балаларды спортпен тұрақты айналысуға тарту.

Кездесу барысында ұйымдастырушылар мектеп тәрбиеленушілерімен профилактикалық әңгіме өткізіліп, есірткі заттары мен психоактивті заттардың зияны, олардың адамның денсаулығы мен болашағына тигізетін кері әсері туралы түсіндірілді. Сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың, белсенді өмір салтын ұстанудың және өмірлік дұрыс бағдар таңдаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Танымдық бөлімнен кейін балалар үшін спорттық жарыстар мен көңілді эстафеталар ұйымдастырылды. Қатысушылар әртүрлі қашықтыққа жүгіру, секіртпемен секіру, арқан тарту және басқа да сайыстарда өздерінің ептілігін, жылдамдығын және командалық бірлігін көрсетті.

Жарыстар достық, өзара қолдау және салауатты бәсекелестік атмосферасында өтті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге естелік сыйлықтар, тәттілер мен балмұздақтар табысталды. Сонымен қатар басқа қатысушылар мен жанкүйерлер де назардан тыс қалмай, сыйлықтар мен тәтті дәмдерге ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар кәмелетке толмағандар арасындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуда маңызды рөл атқарады, жастардың дұрыс өмірлік құндылықтарын қалыптастыруға және спорт пен белсенді демалысқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Іс-шара мерекелік сәттің жарқын қорытындысы ретінде естелік фотосессиямен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру