Жетісу облысында полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін пысықтады
"Заң мен Тәртіп" қағидаттарын жүзеге асыру аясында Жетісу облысы полиция департаментінде жеке құрамға арналған идеологиялық сағат өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында қызметкерлерге заңдылықты қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары түсіндірілді.
Сонымен қатар қызметтік тәртіпті сақтау, кәсіби әдеп нормаларын ұстану, заң талаптарын бұлжытпай орындау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында ішкі істер органдары қызметкерлерінің заң талаптарын қатаң сақтауы, қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқаруы, сондай-ақ жеке үлгісі арқылы азаматтардың полицияға деген сенімін нығайтуға үлес қосуы маңызды екені атап өтілді.
Іс-шара соңында жеке құрам қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және күнделікті қызмет барысында "Заң мен Тәртіп" қағидаттарын басшылыққа алуға бағытталды.
