Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер ата-аналармен кездесу өткізді

Қызылорда қалалық полиция қызметкерлері ата-аналармен кездесу өткізіп, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері қатысып, кездесу С. Ысқақов атындағы бизнес және сервис колледжі базасында өтті.

Кездесу барысында ата-аналарға жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың кең тараған тәсілдері түсіндіріліп, жеке деректерді қорғау және алаяқтардың құрбаны болмау жолдары туралы кеңестер берілді.

- Баланың қауіпсіздігі мен тәрбиесі – ең алдымен отбасының назарында болуы тиіс. Ата-ананың тұрақты бақылауы, баламен ашық қарым-қатынасы және құқықтық сауаттылығы жасөспірімдердің дұрыс бағытта қалыптасуына үлкен әсер етеді, – деді полиция қызметкері.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіз ортасын қалыптастыру.

Полиция ата-аналарды балалардың өміріне белсенді араласып, олардың қауіпсіздігіне бірге жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру