Жетісу облысында есептегі азаматтармен профилактикалық жұмыс күшейтілді
Жетісу облысында полиция қызметкерлері есепте тұрған тұлғалармен тұрақты негізде алдын алу жұмыстарын жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл бағытта учаскелік полиция инспекторларына ерекше міндет жүктелген. Олар күн сайын есептегі тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларын аралап, профилактикалық әңгімелер жүргізеді, заң талаптарын және құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін көзделген жауапкершілікті түсіндіреді.
Жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қайталама қылмыстарға жол бермеу, сондай-ақ тәуекел тобындағы азаматтарға дер кезінде профилактикалық ықпал ету.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері азаматтардың жекелеген санаттарына қатысты сотпен белгіленген шектеулер мен ерекше талаптардың сақталуын тексереді. Есептегі әрбір тұлға тұрақты бақылауда болады. Бұл ықтимал заң бұзушылықтарға дер кезінде ден қойып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Өйткені қылмыстың алдын алу – қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі.
