Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жас полицейлерге тәлімгерлік қолдау көрсетілді

Қызылорда қаласы полиция басқармасында Қарағанды академиясының түлектерін қызметке тағайындауға арналған Тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты – жас мамандардың кәсіби бейімделуіне қолдау көрсету, тәлімгерлік институтын нығайту, "Заң мен Тәртіп" қағидатын дәріптеу және ардагерлердің өмірлік тәжірибесін кейінгі буынға жеткізу.

Жиынға Қызылорда қаласының ішкі істер органдарының ардагерлер кеңесінің мүшелері, басқарманың басшылық құрамы, тәлімгерлер және жас қызметкерлер қатысты.

Кездесу барысында жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімшенің аға инспекторы Нұрлыбек Кенжебеков пен Қызылорда қаласы полиция басқармасы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Алпамыс Ибраев сөз сөйлеп, жас полицейлерге қызметтің жауапкершілігі, қызметтік тәртіп пен әдеп қағидаларын сақтау, халыққа адал қызмет етудің маңыздылығы туралы тағылымды кеңестер берді.

Іс-шара соңында жас мамандарға тәлімгерлер бекітіліп, олардың қызметтік жолында тәжірибелі әріптестердің қолдауы мен бағыт-бағдары кәсіби қалыптасудың маңызды тетігі екені атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру