Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан полицейі унифайттан бес дүркін Азия чемпионы атанды

12-15 маусым аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл қаласында ересектер арасында унифайт спорт түрінен Азия чемпионаты өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған халықаралық додада Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Маңғыстау облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Айболат Мұратұлы жоғары шеберлік пен жауынгерлік дайындықтың үлгісін көрсетіп, +95 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында спортшы Тәжікстан, Үндістан, Қырғызстан және Моңғолия мемлекеттерінің мықты қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионы атағын иеленді. Осылайша ол өз спорттық мансабындағы бесінші Азия чемпиондығын жеңіп алып, Қазақстанның мерейін халықаралық аренада тағы бір мәрте асқақтатты.

Айболаттың бұл жетістігі – тәртіп сақшыларының кәсіби қызметпен қатар спортта да жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынының жарқын дәлелі. Оның жеңісі жас қызметкерлерге үлгі болып, еліміздегі бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын дамытуға серпін береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру