ШҚО ПД-да тергеу саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
ШҚО ПД-да тергеу саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан полициясы күні қарсаңында полиция департаменті бастығының орынбасары Қазбек Тақжанов ішкі істер органдарының ардагерлері, өмірлерін тергеу бөлімшелеріндегі қызметке арнаған Людмила Крапивина мен Татьяна Коновалованы құттықтады.
Қазбек Тақжанов оларға көп жылғы мінсіз қызметі мен өңірдің тергеу қызметінің қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.
Людмила Дмитриевна мен Татьяна Юрьевна – білімі, тәжірибесі мен ұстанымдарының арқасында көптеген тергеушілерге үлгі болған кәсіби мамандар буынының өкілдері. Қызмет жылдары ішінде олар жоғары жауапкершілігімен, талапшылдығымен, өз ісіне адалдығымен және әрдайым көмек көрсетуге дайын болуымен әріптестерінің құрметіне ие болды. Оларды кәсіби шеберлігі мен қызметтік міндеттерін мінсіз атқаруы ғана емес, сондай-ақ адамгершілігі, жанашырлығы және жас қызметкерлерге деген қамқорлығы ерекшелендірді. Олар көптеген жас мамандар үшін тәлімгер әрі мамандыққа адалдықтың жарқын үлгісі болды.
Шығыс Қазақстан облысы ролиция департаментінде ардагерлерге деген құрмет дәстүрі әрдайым сақталып келеді. Олардың мол тәжірибесі, өмірлік даналығы мен қызметке деген адалдығы бүгінгі ішкі істер органдары қызметкерлері үшін маңызды бағдар болып қала береді.
