Қазақстан полициясы күніне орай Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінде салтанатты іс-шара өтті
23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінде салтанатты іс-шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында департамент бастығы Берік Сансызбайұлы жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтап, қызметкерлердің құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі еңбегіне алғыс білдірді.
Мерекелік жиында қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген қызметкерлер мен сала ардагерлері марапатталып, оларға құрмет көрсетілді.
Шара барысында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөлі атап өтіліп, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы қажырлы еңбектері жоғары бағаланды.
