Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында “Жолда қабылдау” акциясы өткізіліп жатыр

Қызылорда облысында “Жолда қабылдау” акциясы өткізіліп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының ұйымдастыруымен азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықпен тиімді кері байланысты нығайту мақсатында “Жолда қабылдау” республикалық акциясын өткізуде.

Акция аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылармен кездесіп, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруде. Сонымен қатар азаматтардың жол қозғалысын ұйымдастыру, көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және ауыстыру, әкімшілік құқық бұзушылықтар, айыппұлдарды төлеу тәртібі, мемлекеттік қызметтерді алу және басқа да құқықтық мәселелер бойынша қойған сұрақтарына жан-жақты жауап беріуде.

Іс-шара барысында жүргізушілерге жол жүру ережелерін қатаң сақтау, белгіленген жылдамдық режимін бұзбау, қауіпсіздік белдігін пайдалану, көлік құралын масаң күйде басқармау, қарсы қозғалыс жолағына шықпау және жаяу жүргіншілерге жол беру қажеттігі түсіндірілуде. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жолды белгіленген орындардан кесіп өту, жолда мұқият болу және жеке қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, тұрғындармен ашық диалог орнату және халықтың полицияға деген сенім деңгейін арттыру.

Заң талаптарын сақтап, жолда абай болыңыздар! Сіздің өміріңіз бен қауіпсіздігіңіз – біздің басты құндылығымыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру