Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған спорттық шара өтті

Елордада "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында және "Астана – есірткісіз қала" ұранымен салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ қоғам назарын есірткі қатерінің алдын алу мәселелеріне аударуға бағытталған ультрамарафон ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Спорттық шара қатысушылардың төзімділігі мен ерік-жігерін сынайтын күрделі қашықтықтарда өтті. Жүгіруге әртүрлі жастағы және түрлі салада еңбек ететін азаматтар қатысып, салауатты өмір салтын ұстану, есірткі тұтынуға және есірткі қылмысына қарсы тұру идеясы төңірегінде бірікті.

Ультрамарафон тек спорттық жарыс қана емес, белсенді азаматтық ұстанымның жарқын көрінісіне айналды. Іс-шараның маңызын арттыра түскен жайттардың бірі – 75 жастағы спортшының қатысуы болды. Бұл өмір бойы белсенділік танытып, денсаулыққа мән берудің жас талғамайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Іс-шара қорытындысы бойынша полиция өкілдері мұндай бастамалардың маңызды профилактикалық мәнге ие екенін атап өтті. Олардың айтуынша, мұндай шаралар жастар мен тұрғындар арасында есірткіге деген тұрақты теріс көзқарасты қалыптастырып, қоғамдағы денсаулық мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

Шараға қатысушыларға бастаманы қолдап, салауатты өмір салтын дәріптеуге қосқан үлестері үшін алғыс білдірілді.

Есірткі қылмысының алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Бұл ретте спорттық, ағартушылық және қоғамдық іс-шаралар арқылы қала тұрғындарын денсаулық, қауіпсіздік және белсенді ұзақ өмір сүру құндылықтары төңірегінде біріктіруге басымдық беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру