Павлодарда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Үміткерлерді қызметке тарту мақсатында № 44 мекемесінің қызметкерлері Павлодар қаласының қалалық бағында өткен облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға өңірдегі мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері қатысып, тұрғындарға бос жұмыс орындарымен танысуға және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алуға мүмкіндік берілді.
Жәрмеңке барысында № 44 мекемесінің қызметкерлері келушілерге мекемедегі бос лауазымдар, үміткерлерге қойылатын талаптар, қызмет өткеру (жұмыс істеу) шарттары, әлеуметтік кепілдіктер мен кәсіби даму мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар азаматтардың сұрақтарына жауап беріліп, ақпараттық материалдар таратылды.
Осындай іс-шараларға қатысу халықтың жұмыспен қамтылу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға, білікті мамандарды тартуға және мекеменің кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
№ 44 мекемесі алдағы уақытта да жаңа қызметкерлерді тарту және өңір тұрғындарымен өзара байланысты нығайту бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.
