Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Діни радикализм – қоғам қаупі": Алматыда сотталған балаларға дәріс өткізілді

Алматы қаласындағы балалар колониясында рухани-ағартушылық бағытта "Діни радикализм – қоғам қаупі" атты семинар кездесу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалармен кездесуде Алматы қаласы Алатау ауданы "Мырзахмет" мешітінің бас имамы Азамат Төлепов жасөпірімдерге имандылық пен адамгершілік құндылықтар туралы тағылымды дәріс оқыды.

Дәріс барысында бас имам рухани жан дүниесі бай, діни сауатты әрі ой өрісі кең жас буынның теріс діни ағымының ықпалына түспей, өз қауіпсіздігін өзі сақтай алатынын жазалы жасөпірімдерге жан-жақты мысалдармен түсіндіріп, діни сауаттарын ашуға шақырды.

Бүгінгі жас ұрпақтың міндеті мемлекетіміздің тілін, ұлтымыздың салт-дәстүрін, өнері мен өнегесін мұра ретінде сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу керек екенін баса айтты.

Кездесу соңында бас имам Азамат Төлепов мекеменің кітапхана қорына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің сараптамасынан өткен діни кітаптарды тарту етті.

Кездесудің басты мақсаты – өмірде қателесіп қылмыс жасаған жасөспірімдердің бойында болашаққа деген маңызды көзқарас қалыптастыру, оларды жат діни ағымдардан сақтандыру және отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Іс-шара барысында жазалы жасөспірімдер бас имамға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру