Жамбыл облысының лагерьлерінде балалармен қауіпсіздік туралы кездесу ұйымдастырылды
Жамбыл облысының лагерьлерінде балалармен қауіпсіздік туралы кездесу ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жазғы демалыс кезеңінде Жамбыл облысы полициясының қызметкерлері балаларды сауықтыру лагерлерінде “Ювеналды полиция инспекторымен бір сағат” форматында ашық диалог кездесулерін өткізуде.
Іс-шараның басты мақсаты – балаларды қауіпсіз мінез-құлыққа үйрету, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және полицияға деген сенімін нығайту.
Инспекторлар балаларға көшеде, қоғамдық орындарда, интернетте және жазғы демалыс кезінде өзін қауіпсіз ұстау қағидаларын қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіреді. Сондай-ақ судағы қауіпсіздікке ерекше назар аударылады: балаларға тек арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылу, ересектердің қарауынсыз суға түспеу және ойын-сауық үшін өз өміріне қауіп төндірмеу қажеттігі ескертіледі.
Полицейлердің қызметтік тәжірибесінен алынған нақты оқиғалар балалардың ерекше қызығушылығын тудырады. Осындай мысалдар арқылы тәртіп сақшылары дер кезінде көмекке жүгіну құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қайғылы жағдайлардың жолын кесуге мүмкіндік беретінін түсіндіреді.
Оқушылар полиция қызметі туралы белсенді түрде сұрақтар қойып, ішкі істер органдары қызметкері қандай қасиеттерге ие болуы тиіс екеніне, сондай-ақ құқық бұзушылықтың куәсі болғанда немесе қауіпті жағдайға тап болғанда қалай дұрыс әрекет ету керектігіне қызығушылық танытады.
Мұндай кездесулер өңірдің барлық қала сыртындағы лагерьлерінде өткізіліп, балалардың жазғы демалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заңға құрметпен қарайтын жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
