Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полицейлер Сарыарқа шағын ауданының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді

Ақмола облысында полиция қызметкерлері "Ауладағы қабылдау" акциясы аясында Сарыарқа жаңа шағын ауданының тұрғындарымен көшпелі кездесу ұйымдастырды. Іс-шара № 8 учаскелік полиция пунктінің жанында өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талқылауға жергілікті атқарушы органдардың, төтенше жағдайлар департаментінің, тұрғын үй инспекциясының өкілдері, бала құқықтары жөніндегі уәкіл және МИБ өкілдері қатысты.

Тұрғындар мемлекеттік органдардың өкілдеріне тікелей жүгініп, оларды толғандыратын мәселелерді айта алды. Негізгі тақырыптардың бірі жол қозғалысы қауіпсіздігі, соның ішінде тұрғын үйлер арасындағы жол жүруді ұйымдастыру және жаяу жүргіншілер өткелін ұйымдастыру болды.

Полицейлер азаматтардың өтініштері бақылауға алынғанын хабарлады. Бейіндік қызметтердің қатысуын талап ететін мәселелер бойынша тиісті нұсқамалар жолданады, ал шешімдерді егжей-тегжейлі пысықтау үшін барлық құзыретті органның қатысуымен жеке кездесу өтеді.

Ақмола облысы ПД ҚҚБ бастығы Ерболат Хусаинов атап өткендей, мұндай кездесулер азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға және барлық мүдделі мемлекеттік органның қатысуымен бірлескен шешімдер әзірлеуге көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру