Қарағанды облысында рақымшылық аясында алғашқы азамат бостандыққа шықты
Долинка кентіндегі №30 мекемеде рақымшылық бойынша алғашқы сотталған азамат бостандыққа шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Долинка кентіндегі №30 мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңы қолданылған алғашқы сотталған азамат бостандыққа шықты.
Бұл оқиға аталған мекемеде рақымшылық туралы заңды іске асырудың бастамасы болды. Заң аясында бостандыққа шыққан азамат туған-туыстарына оралып, ақпараттық-консультациялық көмек көрсетілді. Мекеме мамандары оған құжаттарды қалпына келтіру, жұмысқа орналасу, қоғамға бейімделу, сондай-ақ заңнамада көзделген құқықтары мен кеп өмірін жаңадан бастауға мүмкіндік алды.
Бостандыққа шығар алдында сотталған азаматқа әлеуметтік-құқықтық және ақпараттық-консультациялық көмек көрсетілді. Мекеме мамандары оған құжаттарды қалпына келтіру, жұмысқа орналасу, қоғамға бейімделу, сондай-ақ заңнамада көзделген құқықтары мен кепілдіктерін іске асыру тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мекеме қақпасының алдында бостандыққа шыққан азаматты жақын туысы қарсы алды.
Рақымшылық – бұл жазадан босату ғана емес, өткенге ой жүгіртіп, дұрыс қорытынды жасап, жаңа өмір бастауға берілетін мүмкіндік.
