Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда рақымшылық аясында 5 сотталғанға қатысты сот шешімі шықты

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандарға рақымшылық туралы заң талаптары кезең-кезеңімен қолданылып жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық және аудандық соттарда тиісті материалдар қаралып жатыр.

Мәселен, Түпқараған пробация қызметінің есебінде тұрған азаматқа қатысты материал қаралып, Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша жаза мерзімі қысқартылды.

Жалпы бүгінгі күнге дейін 5 сотталғанға қатысты сот шешімі қабылданды. Оның ішінде екі сотталған тұлғаның жаза мерзімі қысқартылса, үш азамат жазасының өтелмеген бөлігінен босатылды.

Түпқараған аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Айхайбек Нақовтың айтуынша, рақымшылық туралы заңды іске асыру жұмыстары заң талаптарына сәйкес жалғасып жатыр.

– Әрбір материал жеке қаралып, заң талаптарына сәйкес сотқа жолданады. Рақымшылықты қолдану жөніндегі түпкілікті шешімді сот қабылдайды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, – деді Айхайбек Нақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру