Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Вафлидің арасына жасырған: Қызылордада сотталғанға тыйым салынған затты жеткізу әрекеті әшкереленді

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде тыйым салынған затты мекеме аумағына заңсыз өткізбек болған әрекеттің жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазасын өтеп жатқан сотталғанға танысы сәлем-сауқат апарған. Алайда мекеме қызметкерлері азық-түлік өнімдерін белгіленген тәртіппен тексеру барысында вафлидің арасына жасырылған жасыл түсті, өзіне тән иісі бар белгісіз затты анықтады.

Аталған дерек бойынша бірден жедел тергеу тобы шақыртылды.

Тәркіленген затқа жүргізілген сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оның жалпы салмағы 11 грамм есірткі заты екені мәлім болды.

Қазір аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті азаматтарды түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізудің заңмен қатаң жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Мекемелерде сәлем-сауқат пен өзге де заттарды қабылдау барысында қауіпсіздік талаптары қатаң сақталып, барлық зат мұқият тексеріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру