Павлодар облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде әскери қызметшілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде әскери қызметшілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №44 және №45 мекемелерінің қызметкерлері 6679 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілерімен үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі органдарына қызметке орналасу мүмкіндіктерімен таныстыру және болашақта қызметке қабылданатын үміткерлер қатарын толықтыру.
Кездесу барысында қатысушыларға қызметке қабылдау тәртібі, қойылатын талаптар, қызмет өткеру шарттары, сондай-ақ қызметкерлерге берілетін әлеуметтік кепілдіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар мансаптық өсу, кәсіби даму мүмкіндіктері мен мемлекеттік қызметтің артықшылықтары түсіндірілді.
Әскери қызметшілер кездесуге белсенді қатысып, қызметке қабылдау, қызметтің ерекшеліктері және әлеуметтік жеңілдіктерге қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.
Мұндай кездесулер жастардың қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызмет туралы ақпараттануын арттыруға, ведомствоның оң имиджін қалыптастыруға және білікті кадрларды тартуға ықпал етеді.
