Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда жаяу жүргіншілер жолына шыққан көлік иесі жауапқа тартылды

Қостанайда жаяу жүргіншілер жолына шыққан көлік иесі жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу фактісі бейнеленген бейнежазбамен бірге азаматтың өтініші келіп түсті. Кадрлардан автокөлік жүргізушісінің тротуармен жүріп, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қауіп төндіргені байқалады.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел тексеру жүргізіп, көлік жүргізушісінің жеке басын анықтады. Құқық бұзушыға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шара қолданылды.

Полиция тротуардың жаяу жүргіншілер қозғалысына арналғанын еске салады. Көлік құралымен тротуарға шығу азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Егер жолдағы өрескел құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыз, бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру