Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

Аптап ыстықта судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау ерекше маңызды. Осы орайда тәртіп сақшылары демалыс орындары мен шомылуға тыйым салынған учаскелерде рейдтік тексерулер мен түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция ата-аналарды балаларды су жағасында қараусыз қалдырмауға және оларды үнемі бақылауда ұстауға шақырады. Өйткені балалардың қауіпсіздігі – басты назарда.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін мына ережелерді қатаң сақтау қажет:

  • тек арнайы жабдықталған және шомылуға рұқсат етілген орындарда ғана суға түсу;
  • түбі мен тереңдігі беймәлім табиғи су айдындарына шомылмау;
  • шомылуға тыйым салынған немесе ескерту белгілері орнатылған аумақтарға бармау;
  • алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түспеу;
  • балаларды су жағасында қараусыз қалдырмай, оларды үнемі ересектердің бақылауында ұстау;
  • өз жүзу мүмкіндігіңізге сенімді болмасаңыз, жағалаудан алысқа жүзбеу;
  • дауылды немесе қолайсыз ауа райында суға түспеу;
  • күн астында ұзақ болғаннан кейін бірден суық суға секірмеу және сүңгімеу. Себебі дене температурасының күрт өзгеруі бұлшықеттердің құрысуына және сіңірдің тартылып қалуына әкелуі мүмкін;
  • төтенше жағдай туындаған кезде дереу құтқару қызметтеріне немесе 102 арнасына хабарласу.
Есте сақтаңыз: қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алып, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру