Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция дрондардың көмегімен 100-ден астам құқық бұзушылық тоқтатылды

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер дрондардың көмегімен 146 құқық бұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның 23-і шілде айында тіркелген. Негізінен бұл – көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану, қауіпсіздік белдігін тақпау және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары жерүсті патрульдеу мен кәдімгі бейнебақылау мүмкіндіктері шектеулі аумақтарды бақылауға мүмкіндік береді. Әуеден қауіпті маневрлер, қарсы қозғалыс жолағына шығу және басқа да құқық бұзушылықтар тіркеледі.

Сонымен қатар дрондар жол жағдайын бақылау, жоғалған адамдарды іздеу, құқық бұзушылық туралы хабарламалар түскеннен кейін аумақтарды тексеру және бұқаралық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану полицияның аумақты бақылау мүмкіндіктерін кеңейтіп, құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және қауіп-қатерлерге дер кезінде ден қоюға мүмкіндік береді. Бұл адамдардың қауіпсіздігін уақтылы қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру