Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне тыйым салынған затты алып кіру әрекетінің жолы кесілді

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері түзеу мекемесінің аумағына мобильді құрылғыны алып кіру әрекетінің жолын кесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Тосқауыл” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында №47 мекемесінің (Екібастұз қаласы) бақылау-өткізу пунктінде сотталған азаматты жеке тінту кезінде айламен жасырылған SIM-картасы бар ұялы телефон анықталып, тәркіленді.

Анықталғандай, сотталған азамат ҚР ҚАК-нің 143-бабына сәйкес (Сотталғандардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағынан тыс жерлерге шығуы) бірінші кезекте қажетті тауарларды сатып алу үшін мекеме аумағынан тыс жерге шыққан. Бақылау-өткізу пунктіне қайтып келген кезде жүргізілген тінту барысында оның шалбарының белдігіне жасырылған тыйым салынған зат тәркіленді.

Жол берген бұзушылыққа байланысты сотталған азамат тәртіптік изоляторға қамалды. Аталған факті бойынша тиісті тексеру жүргізілді. Тінту сәті үздіксіз бейнебақылау камералары және қызметкерлердің алып жүретін бейнетіркегіштері арқылы тіркелген.

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ҚАЖ мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды алып кіру және сақтау қатаң тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру