Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандарға кәсіби білім беру: болашаққа бағытталған қадам

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде 25 сотталған “Дәнекерлеу ісі” мамандығы бойынша білім алуда, — деп хабарлайды Polisia.kz.

46 мекемеде 25 сотталған “Дәнекерлеу ісі” мамандығы бойынша білім алуда. Оқу мерзімі – 10 ай. Сабақты өндірістік оқыту шебері, арнайы пәндер оқытушысы Ерлан Тоққожин жүргізеді.

Мамандықтың ашылуына БҰҰ-ның Қазақстандағы Өкілдігінің қаржыландыруы мүмкіндік берді. Бағдарлама аясында оқу кабинеті жөнделіп, қажетті жабдықтар мен құралдармен қамтамасыз етілді.

Колледж тарапынан білім беру бағдарламасы әзірленіп, тиісті тізілімге енгізілді және лицензияға қосымша алынды.

Оқу барысында білім алушылар теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді. Оқу аяқталған соң түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом және біліктілік разряды беріледі.

Кәсіптік білім алу – сотталғандардың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық меңгеріп, бостандыққа шыққаннан кейін жаңа өмір бастауына жасалған маңызды қадам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру