Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД-да жастарға ашық есік күні ұйымдастырылды

Қызылордада жастар мен полиция арасында ашық диалог өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Заң мен тәртіп” тұжырымдамасы аясында Қызылорда облысы полиция департаменті Арал аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Жастар күніне орай ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын құрметтеуге баулу, полиция қызметінің қыр-сырымен таныстыру және жас ұрпақ пен полиция қызметкерлері арасындағы өзара байланысты нығайту.

Кездесу барысында жасөспірімдер аудандық полиция бөлімінің қызметімен танысып,Жедел басқару орталығының жұмыс жүйесімен және жедел криминалистика бөлімінің заманауи техникалық мүмкіндіктерімен танысты.

Сонымен қатар қатысушылар бөлімдегі мұражайды аралап, өңірдегі құқық қорғау органдарының қалыптасу тарихы мен жетістіктері жөнінде мәлімет алды.

Мұндай танымдық форматтағы кездесулер патриоттық рухын нығайтып, құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру