Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында пробация есебіндегі азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексерілді

Жамбыл облысында пробация есебіндегі азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексерілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Тараз қаласы №1 пробация қызметі “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша профилактикалық-тексеру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – пробация есебінде тұрған адамдар тарапынан қайта құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, олардың белгіленген міндеттерді сақтауын бақылау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ету.

Тексеру барысында есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты жерінде болуы, белгіленген талаптар мен міндеттерді орындауы, пробация қызметіне келу тәртібін сақтауы, сондай-ақ әкімшілік және өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеуі назарға алынды.

Сонымен қатар азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары түсіндіріліп, белгіленген міндеттерді орындаудың маңыздылығы және оларды бұзған жағдайда заңнамада көзделген жауапкершілік туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Пробация қызметінің мамандары есепте тұрған азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына да назар аударып, олардың қоғамға бейімделуі, тұрақты жұмысқа орналасуы және әлеуметтік мәселелерін шешу бағытында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, пробация есебіндегі азаматтардың мінез-құлқын бақылауды күшейтуге және қайталама қылмыстардың жолын кесуге бағытталған.

Пробация қызметі алдағы уақытта да есепте тұрған азаматтармен профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыратын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру