Астанада есірткіге қарсы спорттық іс-шара өтті
Астанада жаңа қоғамдық кеңістіктің ашылуына орай балалар мен жастарды салауатты өмір салтына біріктірген мерекелік спорттық іс-шара өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара аясында 13 пен 15 жас аралығындағы балалар арасында аула футбол лигасы ұйымдастырылды. Спорттық жарыс есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған “Астана – есірткісіз қала!” акциясы аясында өткізілді.
Елордада полиция жастардың белсенді әрі мазмұнды бос уақытын өткізуіне мүмкіндік беретін спорттық бастамаларды қолдайды. Жаңа футбол алаңдары, спорттық және қоғамдық кеңістіктердің ашылуы балалар мен жасөспірімдерге спортпен шұғылдануға, қарым-қатынас орнатуға және бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік береді.
Мұндай жобалар профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады. Себебі жастарды спортқа тарту олардың оң өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етіп, салауатты өмір салтын таңдауға бағыттайды.
